Филиалы:

 

 

 

События:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Молдагалиев Усенғали
Директор Мангистауского филиала

Молдагалиев Усенгали Амантайұлы 1968 жыл 20 қаңтар айында Маңғыстау обылысы, Маңғыстау ауданының, Тұщықұдық ауылында дүниеге келдім. Әкемнің жзұмыс бабына қарай балалық шағым Маңғыстау обылысының үш аудандарында өтті. 1969 жылмен 1973 жыл аралығында Маңғыстау аудыны Сайөтес аулында, 1973 жылмен 1980 жыл аралығында Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылында өтті. Осы аулда 1975 жылы Абай Құнанбаев атындағы мектепке 1-ші сыныбына қабылдандым. 1976 жылы жаңадан салынған Ыбырай Алтынсарин мектебіне ауыстым, Ы.Алтынсарин мектебінде 1980 жылға дейін оқыдым. Бұдан кейін Қарақия ауданы, Жетібай аулындағ мектепте, сосын Мұнайлы ауданындығы №86 мектепте қазіргі 1-ші мектеп. 1985 жылы Мұнайлы ауданындағы № 18 мектеп қазіргі №2 мектепті бітіріп шықтым. Бір жыл Селхозтехника мекемесінде жұмыс жасадым. 1986 жылы мамыр айында ССРОдағына әскері қатарына шақырылдым 1988 жылы әскери міндетімді атқарып аяқтадым. 1988 жылы Ж/Д ОРС мекемесіне жүргізуші болып жұмысқа қабылдандым.1990 жылдардың күз айында Ақтау қаласындағы 28-ші шағын ауданда ашылған шағын залда менен бір жас кіші болсада менен гөрі тәжіребиесі бар жаттықтырушы міндетін атқарып жүрген Найзабеков Тәжімұрат есімді жігітпен танысып, Республикалық қоғамдық бірлестік «Бүкілқазақстандық Кекушинкай каратэ ұйымының» президенті, Жапонның әскери өнерлерінің бірі Кекушинкай каратэ өнерімен айналысып жаттығу бастап кеттім. 1997 жылы Халықаралық Кекушинкай каратэ ұйымының жоғарғы кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен 8 сағаттық емтиханды тапсырып 1-дан қара белбеу белдігіне ие болдым. Осы жылдан бастап өзім бастаған 28-ші шағын аудандығы залда жаттықтырушылықпен қоса филиал басшылығы жұмысымды бастадым. Қазір қара белбеу 3- дан иегерімін, 17 жыл ішінде Қазақстан, Азия. Евроазия және әлем кубогінің чемпионын шығырып үлгердім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
                       
© 2014 Kyokushinkai Karate. All rights reserved.